«Сатып алу мамандарын сертификаттау» Жобасы

«Самұрық-Қазына» АҚ (ары қарай – Қор) сатып алу жүйесін жетілдірумен айналысады. Сатып алу жүйесін жетілдіру бағыттарының бірі - Қор мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімді басқару құқымен Қорға тиесілі заңды тұлғалардың сатып алумен айналысатын мамандарын сертификаттау (ары қарай - Сертификаттау).

Қор Басқармасының 2016 жыл 30 мамырдағы №19/16 шешімімен бектіліген, Қордың Сатып алу қызметін басқаруға қатысты «Сатып алуды жүргізу» стандартының (ары қарай - Стандарт) 4-бабы 2-тармағына сай, Тапсырыс берушінің/Сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жоспарлауға және өткізуге, сатып алу туралы шарт жасауға және оны орындауға жауапты жетекшілері, мамандары Қор Басқармасы белгілеген сертификаттау тәртібі бойынша...

Ары қарай оқыңыз Ары қарай оқыңыз
Жиі қоятын сұрақтары
«Самұрық-Қазына» АҚ Холдингі компаниялар тобының сатып алуды жоспарлауға, өткізуге, сатып алу шартын жасауға және орындауға жауапты сатып алу жетекшілері/мамандары (Холдинг – «Самұрық-Қазына» АҚ (Қор) мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімді басқару құқымен Қорға тиесілі заңды тұлғалардың жиынтығы).
Сертификаттау тәртібі «Самұрық-Қазына» АҚ мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімді басқару құқымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ына тиесілі заңды тұлғалардың сатып алу қызметі мамандарын сертификаттау ережелерінде» жазылған.
Сертификаттау екі сессиямен өтеді: Жазғы сессия: маусым-шілде 2019 Күзгі сессия: қыркүйек 2019 Сертификаттау өтетін жері кестеге сай анықталады (ақпарат жеке кабинетте төлемнен кейін)
Сұрақтар мен жағдаяттық тапсырмалар Қордың сатып алу жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттары негізінде жасалған, ол құжаттардың тізімі Корпоративтік университеттің сайтындағы Сатып алу қызметі мамандарын сертификаттау бөлімінде жарияланған.
Сынақтамаға 50 (елу) сынақтама сұрағы мен 2 (екі) жағдаяттық тапсырма кіреді.
Сынақтамаға берілген жалпы уақыт – 85 (сексен бес) минут, оның 70 минуты сынақтаманың 50 сұрағына, 2 жағдаяттық тапсырмаға 15 минут.
1 сұрақ = 1,6 балл (жиыны 80 балл) 1 жағдаяттық тапсырма = 10 балл (жиыны 20 балл)
Сертификаттаудан өтудің және сертификат алудың шекті мөлшері – сынақтама сұрақтары мен жағдаяттық тапсырмалардың дұрыс жауабы үшін жиналған жалпы санынан ең кемі 70%.
Сынақтама қорытындысы бойынша шекті мөлшерге жетпеген үміткер сынақта өткен күннен бастап 3 (үш) ай ішінде сертификаттаудан қайта өтуге бір рет өтініш беруге құқылы.
Екінші сынақтама қорытындысы бойынша шекті мөлшерге жетпеген жағдайда маманның Жұмыс берушісіне сертификаттау нәтижесі көрсетілген хат жіберіледі.
Сынақтама аяқталған соң, бағдарлама нәтижесін бірден шығарады.
Өзіңіз дербес дайындалсаңыз немесе Корпоративтік университетте оқуға тапсырыс берсеңіз болады, оқудың 3 түрі бар: күндізгі оқу, қашықтан оқу (вебинар), қашықтан дербес оқу (виртуалды оқу).
Сертификат берілген күннен бастап, екі жылға жарайды. Сертификаттың мерзімі біткенде, Холдингтің сатып алу қызметі мамандары сертификаттаудан қайта өтуі тиіс.
Сертификаттау нәтижесімен келіспейтін үміткер Қордың сертификаттау нәтижелерін аппеляциялау комиссиясына шағымдануға құқылы. Қордың сертификаттау нәтижелерін аппеляциялау комиссиясы аппеляция өтінішін сынақтама өткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Құны 4 200 теңге